• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Желтоқсан, 2023

Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді

511 рет
көрсетілді

Бүгін Әділет министрлігі Адай жылқысының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылдың 28 желтоқсан күні Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәлендіретін патент берді. Ал бүгін патент беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілген болатын. Адай жылқысының ұлттық бренд болып танылуы оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және дамытуға ықпал ететін болады.