• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қаңтар, 2024

Елімізде жеке куәлік пен төлқұжат алу бағасы өзгерді

2387 рет
көрсетілді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемінің ұлғаюына байланысты жеке куәлік пен төлқұжат алу бағасы қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл АЕК - 3692 теңгеге теңессе, 2023 жыл 1 АЕК - 3450 тг болған.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу бағасы өзгерді.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бір жылда екі реттен астам жоғалтуына байланысты бергені үшін – 1 АЕК (3692 теңге). Сонымен қатар 24 және 48 беттік төлқұжаттардың үлгілері енгізілген.

Биылдан бастап бұл құжаттарда 16 жасқа толған және одан жоғары құжат иесінің, сонымен қатар «Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы» заңда белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгілердің саусақ іздері болады.

Паспорт пен жеке куәліктің жарамды мерзімі – 10 жыл.