Абай облысында бензин цистернасы өртенді. Өрт сөндірушілер мен полицейлер бензин цистернасының жарылу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар.
Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шабуылы қолданылды.
Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Қауіп жағдайында бірлескен күш-жігері, сонымен бірге қабылданған дұрыс шешім мен әрекеттер уәкілетті органдар қызметкерлерінің жалынды ауыздықтауына көмектесті», делінген хабарламада.