• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Басылым 09 Қаңтар, 2024

Басқа басылымдардан: Күрделі сауалдарға жауап берді

77 рет
көрсетілді

Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жыл бастала сала «Egemen Qazaqstan» газетіне ауқым­ды сұхбатында екі жыл бұрын болған қайғы­лы оқиға­дан кейін ең күрделі сауалдарға жауап берді.

2022 жылғы наразылық акциясы зорлық-зомбылыққа ұласқан, 2023 жылғы конституциялық реформалардан кейін Президент Тоқаев табиғи байлықтары мол елдің экономикалық дамуына, Азия мен Еуропаның саудасында маңызды рөл иеленетініне сенімді. Басылымның бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында тиянақты және жоспарлы әрекет жасайтынын, мақсат­қа жету үшін үздіксіз алға ұмтылатынын атап өтті.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк­тің болжамдарына сенсек, 2023-2024 жылдары ел экономика­сының өсімі 3-4 пайыздан аспайды. Мемлекет басшысынан алға қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болатыны сұралды. «Әрине, бұл – жетуге бола­тын меже», деген Президент Қазақстанның 2022 жыл­мен салыстырғанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 пайыз­ға өскенін алға тартты. «Бұл – Орталық Азиядағы ең жо­ғары ақшалай өсім. Жан басына шаққандағы ішкі жал­пы өнім де өсіп келеді. Бұған қатысты болжам­ды көрсеткіш былтыр 13 мың долларға жуықтады. Оның жыл сайынғы өсімі 1,6 мың доллар болады деп бағалан­ған. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 30 пайыздан да көбірек артып, 16,8 мың долларға жетеді», деді Тоқаев.

«Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолда­на алса, жаңа айтылған жақсы болжамдар ақиқат­қа айналады», дейді ол. Сондай-ақ ауқымды даму жоспарлары мен жобаларына тоқталды. Маңызды міндет­тің бірі – инвестиция тарту. «Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдей түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады», деді Тоқаев.

 

Теңгерімді саясат жалғасады

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жа­рияланған сұхбатында Қазақстан би­лігі ұлттық мүдделерді ескеріп, сындар­лы және теңгерімді сыртқы саясатты жалғастыруға бекініп отырға­нын алға тартады.

«Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді», деді Тоқаев.

Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындары үлкен оқиға болмақ. «Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпелілер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз», деп түсіндірді Президент.

Тоқаев қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық модельге көшу міндетін қойғанын еске салды. «2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгіледім. Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалады», деді Тоқаев.

 

Халықаралық қатынасқа тоқталды

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рес­публикалық «Egemen Qazaq­stan» газетіне берген сұхба­тында сая­си реформалар, эко­но­ми­калық даму және халықаралық қатынастар тақы­рыбына тоқталды.

Әңгімесін «2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды», деп бастаған Тоқаев Мәжіліс сайлауы­на, мектептер құрылысы, денсаулық сақтау мекемелері мен әлеуметтік осал санаттарды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс енгізілгенін атап өтті.

«Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады», деп уәде еткен Президент жаңа экономикалық үлгіге көшуді жоспарлап отырғанын жеткізді. «2029 жылға қарай ішкі жалпы өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәсе­лесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгіледім. Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда елі­міздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қоры­тындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалады», деді Тоқаев.

«Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді», деді Тоқаев.