• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Қаңтар, 2024

Соңғы рет қашан қуанғаным да есімде жоқ - Нұрғали Нүсіпжанов

6888 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкілі Нұрғали Нүсіпжановты 87 жасқа толған туған күнімен арнайы құттықтап, оған Алматы облысының "Құрметті азаматы" атағын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші оған разылығын білдіріп, алғыс айтты.

- Біз, Ильяс Омаровтай, Өзбекәлі Жәнібековтей ұлы тұлғалардың тәлімін алдық, тәрбиесін көрдік. Мәдениет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды,- деуші еді тау тұлғалар. Ағалар кеткелі жадап-жүдеп қалған көңілім бар еді. Тіпті соңғы рет қашан қуанғаным да есімде жоқ, соған қарағанда арада біраз уақыт өткен болу керек" деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Айта кетейік, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов 5 қаңтарда 87 жасқа толды.