• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қаңтар, 2024

9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен бала іздестіріліп жатыр

319 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының полиция департаменті 2011 жылы туған Назенов Әділ Қайратұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кәмелетке толмаған бала қаңтар айының 9-ы күні үйден кетіп оралмаған.

«Киімі: хаки түсті куртка, қара шалбар, ақ түсті жейде, «Adidas» маркалы қара кроссовка, бас киімсіз. Қандай да ақпарат болса 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуыңызды сұраймыз», делінген полицияның хабарламасында.