• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2024

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапқа тартылды

163 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта облыс аумағында 8 654 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Былтыр 8,5 мыңнан астам азамат полиция органдарына тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Өзге елден келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 490 азамат және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

«Ал, жалпы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2015 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот өзге елдің 121 азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Былтыр Павлодар облысында тұрып жатқан 853 шетелдік Қазақстан азаматтығын алған.