Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалдық сынында есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалдық тартысында Бублик Ұлыбритания теннисшісі Джек Дрейперге екі сетте 7:6, 6:4 нәтижесімен ұтылды.