• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2024

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

457 рет
көрсетілді

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, күші 3 балға дейін жеткен жерасты дүмпуін сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырымдағы Жетісу өңіріндегі Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аумақта орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, прокуратураны және басқа ұйымдарды құлағдар етті. Жағдай нақтыланып жатыр. Қирау және құрбандар туралы ақпарат түспеген.