• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Қаңтар, 2024

Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

394 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ауқымды антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі, 17 қаңтарда тоғыз облыста, Шымкент пен Алматыда қатты жел, тұман және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланған еді.