• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қаңтар, 2024

ХАМАС ұйымын Израиль қаржыландырады – дипломат

290 рет
көрсетілді

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Израиль мемлекеті ХАМАС ұйымын  «өздері қаржыландырып өсірді» деп айыптады. Және  Израиль мен Палестина мемлекетінде тыныштық орнату мәселесін, Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісін сырттан шешуге үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz DW медиакомпаниясына  сілтеме жасап.  

«Біз бейбітшілікті орнату  үшін екі мемлекеттің  тыныш  өмір сүруіне үндейтін бітімгерлік сөзді сырт көз айтқаны дұрыс деп санаймыз», деді  Ж.Боррель. Бірақ оған Израиль  премьер-министрі  Беньямин Нетаньяху 30 жыл бойы бұлталаққа салынып, тіпті мұндай келісім жасасуға көнбей «бойкот жариялағанын» да мәлімдеді.

«Израиль үкіметі Палестинаның Фатх билігін күйрету үшін  ХАМАС ұйымын өздері ұйымдастырып қаржыландырды. Егер біз қазір бел шешіп араласпасақ кеш қаламыз, екі елдің  дүрдараздығы мен  көрсетер зорлық-зомбылығы  ұрпақтан-ұрпаққа «мұраға  қалып» жалғаса береді», деді дипломат.