Қазақстан құрамасының боксшылары Дебреценде (Мажарстан) Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирде бес алтын алды. Финалда тоғыз боксшымыз өнер көрсетті.
Атап айтқанда, Асхат Жүсіпов 48 килоға дейінгі салмақта украиналық Андрей Тишковечті басым дауыспен жеңді. Сондай-ақ Асылжан Серікбай (57 кг) мажарстандық Роланд Верешті, Бибарыс Жексен (60 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов (63,5) Ричард Ковачты басым дауыспен ұтты. Ерасыл Жакпековтің (80 кг) қарсыласы мажарстандық Пал Ковач рингке шықпағандықтан, жеңіс Ерасылға берілді.
Даниял Сәбит (51 кг) мажарстандық Аттила Бернатқа басым дауыспен есе жіберсе, тағы бір мажарстандық Габор Вирбан (54 кг) Кенже Мұратұлын төрешілердің бірауыз шешімімен қапы қалдырды.
Сабыржан Аққалықов (71 кг) украиналық Юрий Захареевке басым дауыспен жол берді. Темірлан Мұқатаев та (86 кг) украиналық Данил Жасаннан жеңіліп қалды – 0:5.