• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Басылым 21 Қаңтар, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстан – Италияның Орталық Азиядағы серіктесі

123 рет
көрсетілді

Қазақстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорд­жа Ме­лонимен кез­десті. Келіссөздер барысында Қа­зақстан Ита­лияның Орталық Азиядағы басты серіктесі екенін атап өтті.

«Біз Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға мол әлеует бар», деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда се­рік­тестерінің бірі және ел экономикасындағы ең ірі инвесторлар қатарында.

Сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және ЭЫДҰ аясындағы әлемдік аренада ортақ мақсаттарға қол жеткізу ісіндегі екі елдің табысты ықпалдастығына арнайы тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, өңірлік тұрақтылық, терроризмге қарсы күрес, климаттың өзгеруі сияқты мәселелерге қатысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға да­йын екенін жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстанда 300-ден астам италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында «ENI», «SDF Group», «PetroValves», «Maire Tecnimont», «IVECO», «Tenaris» және басқа да ірі инвесторлар бар.

Италия – Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің ішінде Қазақстанға инвестиция құйған ірі бес мемлекеттің бірі. Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 7,3 миллиард долларды құрады. Өткен жылы инвестиция көлемі 2,5 есе өсіп, 300 миллион долларға жетті.

 

Ынтымақтастық сапары

Италия Пре­зи­­денті мен Пре­мьер-ми­нис­трі Рим­де Қазақстан Пре­зидентімен кездесіп, мемлекеттер арасындағы стра­тегиялық ынты­мақтастықты кеңейтуге, ортақ мүдде аясында жұмыс істеуге және ма­ңыз­ды шикізаттар сау­дасын арттыруға келісті. Бұл – Италияның Азиядағы рөлін арттыруға талпынысының бір дәлелі.

Рим мен Астана жақындай түсті. Бейсенбі күні Италия Президенті Серджио Маттарелла мен премьер-министр Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Мәңгілік қалада» қарсы алды. Бұл – Қазақстан Президентінің Италияға жасаған алғашқы ресми сапары. «Қазіргі және одан әрі дамытқымыз келетін үлкен ынтымақтастықтың белгісі», деп атап өтті Маттарелла.

«Біз халықаралық қатынастар тұрғысынан бір толқындамыз. Италия мен Қазақстанды көпжақтылық қағидаты байланыстырады. Біздің экономикалық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді», деді Маттарелла.

«Сапар әріптестіктің стратегиялық құндылығын және қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайды», делінген Премьер-министр кеңсесінің ресми хабарламасында. Мелони мен Тоқаев бірлескен декларацияға және бірқатар түсіністік туралы ме­морандумға қол қойды. Осылайша, мүдделі мәсе­лелерде байланыстарды әртараптандыруға және тереңдетуге ниетті екенін білдірді.

 

Тарихтың жаңа парағы

Қазақстан Пре­зиден­ті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Римге са­парының бірінші күні бірлескен декларацияға, жеті үкіметаралық келісімге және өзара түсіністік туралы 16 коммерциялық меморандумға қол қойылды.

Қ.Тоқаев кездесуде қарым-қатынастың жаңа тарауы ашылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Италия – қазірдің өзінде Қазақстанның әлемдегі үшінші ірі сауда серіктесі. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Орталық Азиядағы елге Апеннин түбегі 10 миллиард долларға жуық инвестиция салған.

Қазақстан Президентінің сөзіне сүйенсек, әріп­тестік қарым-қатынасты жоғары деңгейге шы­ғарудың және ынтымақтастықтың жаңа салаларын зерттеудің уақыты келді. Атап айтқанда, энергетика және цифрлық даму, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында мүмкіндік мол.

Қ.Тоқаев Қазақстан өз аумағында дәнді дақылдар өндірісі саласында ұсынып отырған орасан зор әлеуетті пайдалана отырып, макарон өнімдерін шығаратын италиялық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрғысы келетінін жеткізді. Орталық Азия елі әлемдегі ұн өндіру бойынша оныншы орында және азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық тапшылығын азайтуға көмектесе алады. «Біз ита­лиялық компанияларды осы сектордағы мүм­кін­­­д­іктерді пайдалануға шақырамыз. Біздің бидай қазірдің өзінде спагетти өндіруге пайдаланылады, біз экспортты ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар», деді Қ.Тоқаев.