Жамбыл облысындағы Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз екі теміржолшыны басып кетті, деп жазады Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 қаңтар, таңғы сағат 07:27 шамасында болған. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанмен, құрам тоқтап үлгермеген. Салдарынан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының екі қызметкері қаза болды.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.