• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Қаңтар, 2024

«Сыр медиа» холдингінің бұрынғы басшысы Арал ауданының әкімі болып тағайындалды

2099 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы, Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы атқарады, деп жазады Egemen.kz.

Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы 1968 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты ауылында дүниеге келген.

1988-1993 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

1993-1995 жылдары Қызылорда облыстық тіл басқармасында бірінші санаттағы маман;

1995-1996 жылдары Ұлт саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық комитетінің жетекші маманы;

1996-2000 жылдары облыстық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редактор орынбасары;  

1997-2000 жылдары «Болашақ» университетінде оқып, «Экономист» мамандығын тәмамдаған;

2000-2001 жылдары «АСУ» ЖШС директоры;

2001-2010 жылдары «Халық» газеті ЖШС және «ASU» баспа үйі» ЖШС директоры, бас редакторы болған.

2002-2004 жылдары Қызылорда Гуманитарлық Заң университетінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

2010 жылдан бастап «Сыр медиа» ЖШС бас директоры.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі және облыстық филиалының төрағасы.

Қызылорда облыстық мәслихатының V, VII шақырылымдарының депутаты қызметтерін атқарды.