Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал аталған қызметті бұған дейін атқарған Лұт Сапуұлы Әлшекенов Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.