Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен өткен Henri Deglane (Анри Деглан) гран-при сайысында ел намысын қорғаған балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Аталған жарыста еркін күрес шеберлері Әбдіманап Байкенжеев (92 кг) күміс алса, Рифат Сайботалов (70 кг) пен Ерхан Бексұлтанов (79 кг) қола жүлдегер атанды. Айта кетсек, күрес түрлерінен Азия чемпионаты мен алдағы рейтингілік турнирлерге қатысатын балуандар ел біріншілігінде анықталады.
Қазір күрес түрлерінен ел құрамасы еншісінде 2024 жылғы Париж олимпиадасына екі жолдама бар. Оның біріне еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 кг) қол жеткізсе, тағы біреуі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 кг) еншісіне бұйырды.