Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандар жер сілкінісі кезінде мына амалдарды орындауға кеңес береді:
- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз.
- сыртта жүрсеңіз, ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- үйге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.