• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қаңтар, 2024

Алматыда тағы да жер сілкінді

2061 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласында тағы екі жер дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші жер сілкінісі сағат 09:52-де тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты − 11.5. MPV магнитудасы − 5.2. Алматыда 2 балл көлемінде сезілген. 

Ал екіншісі таңғы сағат 10:01 шамасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты − 11.9. MPV магнитудасы − 5.3. Ол да 2 балл көлемінде сезілді.

Соңғы жаңалықтар