• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Өнер 24 Қаңтар, 2024

Сөнбес сәуле

155 рет
көрсетілді

«Астана опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында әйгілі әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Амангелді Сембинге арналған «Сөнбеген сәуле» атты музыкалық кеш өтті.

Амангелді Сембин – Мәс­кеу консерваториясының вокалдық бөлімін тәмам­дағаннан кейін 1973-1975 жыл­дары Италияның Милан қала­сындағы «Ла Скала» опера театрында тәжірибеден өтті. Әлемге танымал өнер тар­ландарының оң бағасын алды. Сөйтіп, оның есімі «Ла Скала» сахнасында ән шырқаған тұңғыш қазақ ретінде тарихта қалды. Елге оралған соң дарынды өнер иесі Қазақ академиялық опера және балет театрының жеке әншісі болды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде» – Төлегенді, А.Жұ­банов пен Л.Хамидидің «Абайында» – Айдарды, М.Тө­лебаевтың «Біржан – Са­расында» – Біржанды, С.Мұ­хамеджановтың «Жұм­бақ қызында» – Адақ және тағы басқа партияларды келістіріп орындады. Сонымен бірге біртуар әнші «Айнамкөз», «Ақбақай», «Балқурай», «Бу­­рылтай», «Қарғаш», «Шә­пибай-ау» атты халық әндерін нақышына келтіріп шырқады. А.Сембин біраз жыл Алматы театр-көркем­сурет институ­тында ұстаздық қызмет ат­қа­рып, италия-қазақша музыкалық термин сөздігі, «Саз сөздігі», «Ән бағ­дар­ла­масы», «Ән әліппесі» се­кіл­ді әдістемелік оқу құрал­дарын жазды.

Әсем саз әуелеген кеште тенор әншілер Артур Ғабдиев, Қуаныш Мұхамадиев ғажайып дауыс иесі орындаған халық әндерімен бірге С.Рах­ма­нинов, Н.Римский-Кор­са­ков, П.Тости, П.Москаньи және тағы басқа айтулы ком­по­­зи­тор­лардың романстарын тың­­дарманға жеткізе білді. Кон­цертмейстер Зә­ру Жа­зық­­­баеваның да еңбе­гін ерек­ше айта кетейік. Клас­си­ка­лық музыкаға сусаған кө­рер­мен оларға дән риза болып, қошемет көрсетті.