• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2024

«Арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз». Ақтөбе мектептері қатаң бақылауға алынды

461 рет
көрсетілді

Telegram арналарының бірінде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық сипаттағы іс-әрекет жасаймын деп қару-жарақтың суретін жариялаған. Осы хабарламадан кейін Ақтөбе қаласындағы мектептердің барлығы қатаң күзет режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz.

Телеграм арнаға санаулы сағатта жүздеген жазылушы тіркеліп үлгерген. Бұл жайттан полиция мен облыстық білім бөлімі хабардар. Олар жедел шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

«Қауіпсіздік органдары толық хабардар, бүгіннен бастап 3 күн қатарынан білім объектілерінің барлығында күшейтілген бақылау ұйымдастырылады», деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Әлеуметтік желідегі арнаны жүргізуші бірінші нысанға қаладағы №21 және №27 мектептер алынғанын хабарлап, фотосын да жариялады.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы Әсет Қалиев.