Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогінің кезеңінде «Трап»бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.
Мария Дмитренко — 40 ұпай;
Фатима Галвез — 39 ұпай;
Алессандра Перилли — 32 ұпай.
Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.