• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Қазақстан 15-сатыда тұр

189 рет
көрсетілді

Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 28 қаңтардағы жарыс нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қаңтарда Мерей мен Ибрагим Тастемір Германиядан келген құрдастарымен күш сынасты. Есеп 4:8.

Қазір Қазақстан 1 алтын, 2 қола медальмен 15-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйлады. Ал Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер олимпиадасы 2 ақпанда өз мәресіне жетеді.