• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2024

Алматы облысында 180 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

135 рет
көрсетілді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 54 мың гектар 120 жайылымдық жер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер учаскелерінің иелері жерді мақсатты түрде пайдаланбаған. Олардың малы жоқ, бұл жайылымдардың азаматтарға да, мемлекетке де пайдасы болмады.

Прокуратураның араласуынан кейін 180 миллион теңгенің 18 мың гектар жайылымдық жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалған жерлерге қатысты мәселе сот арқылы шешіліп жатыр.