• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2024

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында қанша күн тіркеусіз жүре алады?

720 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады. Бұл туралы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 2000 жылғы 7 шілдедегі екі ел Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады», делінген хабарламада.Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында жасалды. Жаңа құжат қос мемлекет азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына оң әсер ететін болады.