• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 01 Ақпан, 2024

Ұлттық қор қаражаты көбейген сайын балаларға арналған қаржы көлемі де ұлғаяды - сенатор

155 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» деген бастама көтеріп, осы мақсатты жүзеге асыру үшін құқықтық тетіктерді реттеп берді. Бұл туралы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2024 жылы Ұлттық қордан осы мақсатқа бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 695 миллион  доллар.  Бұл қаражатты еліміздегі 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлгенде 100 доллар 50 центтен келеді екен. Ал Ұлттық қор қаражаты көбейген сайын балаларға арналған қаржы көлемі де ұлғая түседі. Бүгін арнайы ашылған есепшоттарға алғашқы төлем түсті. Бұл ата-аналардың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін журналистерге берген сұхбатында  Ұлттық қордан балаларға түсіп жатқан төлем көлемі бойынша бірқатар түсініктеме беріп, Ұлттық қор қаражатын көбейтуге және үнемдеуге мүдделі болғанда   балаларға бағытталған инвестициялық табыс көлемі де арта түсетінін айтты.

Мемлекет басшысы бұған дейін алдағы уақытта ішкі жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру туралы айтқан еді. Ел өміріндегі нақты өзгерістер осылайша оң нәтиже бере бастайтыны анық», деді сенатор.