• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2024

Қонаевта жаңа зауыт ашылады

125 рет
көрсетілді

Қонаев қаласында тамшылатып суару жүйелерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт ашылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрді. Тамшылатып суару әдісі - тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді.Зауыт – Қазақстан және Қытай кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы. Кәсіпорын қуаты аптасына 500 гектарға дейін жерді тамшылатып суару технологиясымен қамтамасыз етуге жетеді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарда бар.