• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 02 Ақпан, 2024

Транзиттік және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп дамыту қажеттігі айтылды

96 рет
көрсетілді

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында  Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің тоғысқан жерінде орналасқан, аймақтың бәсекелестік артықшылығы осы фактор болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ премьерінің айтуынша, ЕАЭО 190 миллион халқы бар, 93 миллионнан астам адам еңбек нарығы мен 2,7 триллион доллар ІЖӨ қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық бірлестік. Мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда 2015 жылдан 2022 жылға дейін екі есе өсіп, 85 миллиард долларға жетті.

Әлихан Смайылов өз сөзінде Еуразиялық бестіктің өзара іс-қимылының маңызды бағыттарына тоқталды. Ол ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің тоғысқан жерінде орналасқанын, бұл әрқашан аймақтың бәсекелестік артықшылығы болғанын атап өтті. Соңғы 15 жылда Қазақстан транзиттік және көліктік инфрақұрылымды дамытуға 35 миллиард доллардан астам қаржы бөлді.

«Біз елдеріміздің халықаралық дәліздерінің, логистикалық терминалдары мен өткізу пункттерінің әлеуетін одан әрі арттыру маңызды деп санаймыз. Мен ЕАЭО-ның барлық елдерін транзиттік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын», деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ Қазақстанның өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын екендігіне назар аударды. Оның айтуынша, биылдан бастап стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бизнес-бастамаларды тиімді ілгерілетуге, өзара инвестицияны айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін бірлескен жобаларға қаржылық көмек көрсету тетігі іске қосылады.

Әлихан Смайылов «төрт бостандық» пен ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидаттарын жүзеге асыру Одақтың негізі болып қала беретінін еске салды. Оның айтуынша, экспорттаушылар өзара саудада жасырын шектеу жағдайларымен жиі кездеседі.

«Сондықтан біз үшін төрт еркіндіктің бірі – тауарлардың қозғалысы еркіндігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалып отыр. Кедергісіз ортақ нарықты қалыптастырып, тауарлардың үшінші елдерге кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қажет. Бұл барлық негізгі процестерді цифрландыруға ықпал ету керек», деді Премьер-министр.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен диалогты жандандыру маңызды, бұл өзара экономикалық мүдделілік. Ол серіктестер ЕАЭО елдерінің артықшылықтары туралы білуі керек деп санайды.