• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 02 Ақпан, 2024

Украина тарапының бастамасы бойынша екі ел Президенттері телефон арқылы сөйлесті

146 рет
көрсетілді

Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.