• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Театр 04 Ақпан, 2024

Қайта түлеген қуыршақ театры

312 рет
көрсетілді

Қуыршақ театры – кішкентай балдырғандарды ғана емес, ересектерге де ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы сырын танытып, жақсылыққа, адамгершілікке, шынайылыққа шақыратын мөлдір мекен. Ертегілер еліне сапар шегіп, театр қойылымдарын тамашалаған әрбір көрермен көңілі қуанышқа бөленіп, өзгеше әсер алуы үшін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры бірқатар іргелі істерді жүзеге асырып жатыр. Осы орайда, жуырда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы Мемле­кеттік қуыршақ театры араға 10 жыл салып, қайта жаңғырды. Әлемдік театр сахнасын заманауи бағыттар жаулап жатқан қазіргі уақытта қуыршақ театрына күр­делі жөн­деу жұмыстарын жүргізу, әрине, ең алдымен заман талабы.

Қазіргі таңда көрермен залдары қойылымдардың сапасын арттырып, мамандардың қолайлы жұмыс жасауына ыңғайлы соңғы үлгідегі заманауи дауыс, жарық, сахна жабдықтарымен жаңарып, театр фойесі көрермендерге жай­лы атмосфера сыйлайтын жаңа­шыл дизайнмен көркемделіп, түр­лі үлгідегі қуыршақ түрлері, қойылым эскиздерімен бе­зен­ді­­рілсе, ғимараттың ішкі ин­­те­рье­­­рі, сыртқы фасады көрер­мен сұра­ны­сына сай жасақталды.

Көрермендердің қойылым та­машалау барысында жайлы демалуына жағдай жасайтын ың­ғайлы, жұмсақ орындықтар, жо­ғары талғамды ішкі дизайн және қо­йылым барысындағы жарық пен дыбыс құрылғыларының сапасы қуыршақ театрына деген сұра­ныстың артуына өз септігін тигізері анық.

Жаңа үлгіде жабдықталған ­театр – шығармашылық және ­тех­никалық бөлім қызмет­керле­ріне жаңа тыныс, тың идеялар, жұ­мысқа деген ерекше көзқарас, шал­қар шабыт, жаңа жо­баларға деген қызығушылық сый­лап қана қоймай, кәсіби білік­ті мамандардың театрда жұмыс істеу сұранысының артуына ық­палы зор.

Балдырғандар қиялына қанат бітіріп, жақсылыққа жетелей­тін өнердің алғашқы мектебі – қуыр­шақ театры жаңа жылды жаңа ғи­ма­ратта, жаңа жобалар­мен қуан- ­туға дайын. Алдағы ­уакыт­та сүйік­­ті көрермендер­­­мен қауы­шу­ға асық ­театр ұжымы бүл­дір­шін­дерге ар­нал­ған таным­дық, тәр­бие­лік мәні ­зор, батыл­дық пен өжет­тілікке үн­дей­тін «Етік ки­ген мысық», жасөспі­рім­дер­­ге ар­нал­ған философия­лық те­рең ас­тарға ие «Шапан» ­қо­­йы­лым­­­­да­ры­ның премьерала­рын ұсынбақ.