• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Ақпан, 2024

Алтын медаль бұйырмады

390 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таеквондодан  G2 санатында өткен  халықаралық турнирде спортшыларымызға алтын бұйырмады, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Үш күнге ұласқан турнирде  ұлттық құрама спортшыларына 3 күміс, 4 қола медаль бұйырды.  Аманбол Бегімбетов (63 кг) Ясмина Нарбаева (62 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) финалдық сайыста сүрінді.  VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали  (80 кг) және Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг)  жартылай финалдан аса алмай қола медальді місе тұтты.

Екі жыл бұрын біздің спортшылар осы турнирден 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленген еді.