• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Ақпан, 2024

Өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды

113 рет
көрсетілді

Сенат төрағасының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халық­аралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Жақып Асанов Әзербайжанның Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесті.

Тараптар дауыс беруге да­йындық пен өткізу кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәр­тіп­ті қамтамасыз ету, Бас про­куратураның сайлауды басқару органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жақып Асанов ТМД ПАА-ның халықаралық бақылау­шы­лары сайлау үдерісіне қатысу­шылар тарапынан заңдылық­тың сақталуын қадағалауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударатынын атап өтті. Ол сондай-ақ ұзақмерзім­ді мониторинг қорытынды­лары­мен бөлісіп, халықара­лық де­мо­кра­тияны дамыту мони­то­рингі институтының сарапшылары жүргізген зерттеу Әзербайжанның сайлау заңна­масының Адам құқықтары туралы халықаралық нормаларға және ТМД қатысушы мемле­кет­тердегі демократиялық сай­лау­дың, сайлау құқықтары мен бос­тандықтарының стандарттары туралы конвенцияда көрсетілген қағидаттарға сәйкестігін айтты.

Өз кезегінде, Камран Әлиев осы жылдың сайлау науқа­ны­­ның ерекшеліктері туралы ай­тып, Прокуратура құқық бұзушы­лық­тарды анықтау, сонымен қатар адал және демократиялық сай­лау­ды қамтамасыз ету тұр­ғысынан тұрақты мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті.