Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Роман Склярға Үкіметті уақытша басқару жүктелді.