• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Ақпан, 2024

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып қайта тағайындалды

219 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылы — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.