• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 07 Ақпан, 2024

Астана мектептеріне танымал тұлғалардың есімі берілді

557 рет
көрсетілді

Астанада бірқатар мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:

№20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың

№27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтың

№38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтың

№64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың

№94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының

№89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының

№44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың

№24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың

№59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың

№34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының

№63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімдері берілді.