• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2024

Көкшетауда мектепті наркологиялық есепте тұрған адамдар күзеткен

186 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметін тексерді, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында мектепті «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған тұлғалар күзеткені анықталды.

Күзетшілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуімен қатар олардың бірнеше рет қызметін орындау барысында еңбек шартында тыйым салынған әрекеттер жасағаны белгілі болды.

Нәтижесінде Көкшетау қаласының прокуратурасы кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартып, мектеп күзетшілері жұмыстан шығарылды.