• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 09 Ақпан, 2024

"Аспапқа жақындағым келмейді": Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы туралы айтты

2104 рет
көрсетілді

Танымал опера әншісі Бибігүл Төлегенова бүгінде ән айтуды қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда 94 жасқа келген өнер иесі жақында "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ болып, қазіргі ахуалын баяндады.

- Мынау рояльға келесі жылы 50 жыл болады. Мынау рояль - менің досым, жұбайым әрі балам. Осыдан басқа ешкімім жоқ. Әрине, бала-шағам бар. Сондықтан мен арасында ән үйреніп, өзімше дауысымды жөндеп отырамын. Алайда, қазір қойдым. 90 жастан кейін бәрін ысырып тастадым. Шаршадым. Шабал Бейсекова "Сен ұзақ ән айтасың. Кейін шаршайсың" дейтін. Шынымды айтсам, әннен шаршадым. Тіпті аспапқа жақындағым келмейді, - деді Бибігүл Төлегенова.