Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада аталған ауылдың қарт тұрғынының денсаулығы нашарлауына байланысты құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен, бөлімше командирлері Нұрболат Тәжігұлов, Донат Шамақов, қарауыл бастығы Әли Ақдәулет, өрт сөндірушілер Марат Елдос, Құсайынов Ақниет, Сұлтамұратов Жетек, Сағындық Абылайхан, Жалғасов Аманжол көмекке келген.