• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Ақпан, 2024

Жер сілкінісі әлі тоқтамаған ба? Дүмпулерді Риддер тұрғындары сезді

195 рет
көрсетілді

10 ақпанда сағат 14:24-те эпицентрі Ресей Федерациясында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Ол Қазақстанның шығыс аумағында да сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі ошағы Алматыдан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде Ресей аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы - 12.3.

Магнитудасы - MPV 5.7.

Тереңдігі - 15 км.

Жерасты дүмпулері Риддерде 2 балдық күшпен сезілді.

«Зақымдану туралы ақпарат болған жоқ. Ғимараттардың жоғарғы қабаттарында тұратын кейбір тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз және өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, барлық жедел қызметтерге қоңырау шалу үшін «112» – нөмірі бар.