Шығыс Қазақстанда өздігінен қар көшкіні жүрді. 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын ауылы- Самар» автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкіні түскен, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жолды тазарту үшін «Облшығысжол» ЖШС-нан 2 адам және 2 техника жұмылдырылды.