Болгарияда өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінде қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Үндістандық Раджатты 3:2 көрсеткішімен жеңген 67 келідегі Дулат Бекбауов алтынға қол жеткізіп, Странджа кубогінің чемпионы болды.
Санжар Тәшкенбай 51 келі салмақтағы Үндістан боксшысы Амит Пангалдан (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 0:5 көрсеткішімен ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты.
Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) айтулы халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.
Аталған бокс додасында 28 елден 178 спортшы жүлдеге таласты.