• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Табиғат 12 Ақпан, 2024

Селдір орман алқабын сақтау маңызды – депутат

107 рет
көрсетілді

Мәжілісте өткен орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес тақырыбына арналған Үкімет сағатында  депутат  Ермұрат Бапи Экология және табиғи ресурстар министрі Ержан Нысанбаевқа сауал жолдап, өрт зардабын  жоюдың жайын сұрады, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз орман-тоғайы тым мардымсыз елдердің қатарындамыз. Елдегі орман қорын аялап, сақтап молайтуымыз керек. Ал бізде керісінше. Былтыр Қостанай мен Абай облысында алапат өрт болды. Президент Үкіметке нақты тапсырмалар берген еді. Бүгінгі күні орман қорын қалпына келтіру мәселесінде Абай, Қостанай облыстарында қандай нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр? Орман қорын толық қалпына келтірудің болашақтағы мүмкіндігі қандай? Семей орманында болған алапат өрттің толық шығыны анықталды ма?», деп сұрады депутат.

Е.Бапидың сауалына қатысты жауап берген министр Е.Нысанбаев Семей орманы бойынша былтыр қазан айында штаб құрылғанын, жол картасы жасалғанын айтты. 63,5 мың гектар жердегі 6 миллион текшеметр өрт шалған ағашты тамырымен  қазып алып, орнына жаңа көшет егу мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді.

«Ең алдымен біз  өзегін өрт шалып қураған ағаштарды кесіп әкетіп, алқапты тазартуға күш саламыз. Бұл шаруаға орман алқабы сирек оңтүстік, батыс облыстарының орман шаруашылық мамандарын шақырып, төмен бағада ұсынсақ дейміз, өздері келіп қазып алады. Тазарған алқапқа ағаш көшеттерін егеміз», деді министр. Бірақ өртенген орман ағашының 20-25 пайызы ғана кәдеге жарайтынын, қалғаны тек отын екенін айтты.