• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Ақпан, 2024

ЕҰУ ғалымдарының кітабы Springer әлемдік баспасында жарық көрді

178 рет
көрсетілді

Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компиляторына кіріспе») бірегей кітабы Springer жаһандық ғылыми баспасынан ағылшын тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі баспадан шыққан кітаптың авторлары – математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Берік Төлеуов және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы Әдемі Оспанова. ЕҰУ ғалымдарының еңбегінде әлемдік техникалық әдебиеттерде бұған дейін айтылмаған бірегей жаңа мәліметтер келтірілген. Жаңа басылым Windows жүйесінде C/C++ компиляторларын жылдам және тиімді орнату жолдарын сипаттайды.

«C/C++ компиляторларын орнату әдетте көп уақытты алады, өйткені адамдардың басым көпшілігі Microsoft Visual Studio бағдарламасын пайдаланады. Visual Studio бағдарламасын орнату әдетте шамамен 40 ГБ дискілік кеңістікті және көп жедел жадты қажет етеді. Сондықтан оны өнімділігі төмен деңгейлі жабдықта іске қосу мүмкін емес. Енді біз Microsoft C/C++ компиляторын қолданудың қарапайым әдісін ұсынамыз. Оның барысында дискілік кеңістікпен мәселе туындамайды, сондай-ақ, аппараттық ресурстардың жетіспеушілігі болмайды. Бұл әдіс уақытты айтарлықтай үнемдейді, өйткені бағдарламалық жасақтаманы, тіпті флэш-дискілер сияқты алынбалы құрылғыларда оңай және портативті түрде орналастыруға болады», дейді ЕҰУ математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Берік Төлеуов.

ЕҰУ еңбегі C++ тілін меңгеруге уақыты мен күш-жігерін үнемдегісі келетін және бағдарламалық жасақтаманы орнатумен танысуға қызығушылық танытатын барлық пайдаланушыларға арналған. Қазір кітапты студенттер де, оқытушылар да пайдаланады.

Атап өткен жөн, Springer – жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық журналдар мен кітаптар шығаруға маманданған халықаралық баспа компаниясы. Қазір компанияда бүкіл әлем бойынша 2900 журнал және 300 000 кітап бар.