• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2024

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады

146 рет
көрсетілді

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау фактілері бойынша айып тағылған тарапты жауапкершілікке тартуды қатаңдату керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Денсаулық сақтау министрлігі қызметтегі адамдарға қарсы бұл әрекеттерді мүлдем адамгершілікке жат және заңсыз деп санайды және заң шығару саласының құралдарын қолдана отырып, медициналық персоналды қорғауды күшейтуге ниетті», делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік борышын орындау барысында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекске жекелеген норманы енгізуге бағытталған түзетулерге қайта бастамашылық жасайды.

Ұсынылған нормалар медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін құрметтеудің маңыздылығын көрсете отырып, персоналды қорғауды едәуір күшейтуге арналған.

«Әзірленген заңнамалық түзетулер жақын арада ұсынылады», деді ҚР ДСМ баспасөз қызметінің өкілдері.