• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Байқау 12 Ақпан, 2024

Үздік оқырмандар үкіленді

368 рет
көрсетілді

Оқушылар мен мұға­лімдер арасында кітап оқу мәдениетін кө­теру мақ­сатында А.Бай­тұр­сынұлы Білім ака­де­миясы республикалық «Үздік оқырман» мұ­ға­­лімдер байқауын ұйым­дастырып, қоры­тындысы салтанатты жағдайда өтті. «Оқу­ға құштар мектеп» жо­басы аясындағы бай­қау Астанадағы Ы.Алтынсарин атын­дағы BINOM SCHOOL мек­теп-лицейінде қоры­тын­дыланды.

Кітап оқу – бос уақытты қызықты өткізу ғана емес, тұлға болып қалыптасуға орасан көмегі тиетін өте пайдалы іс. Аталған іс-шараға қо­ғам қайраткерлері, ғалым­дар, мұғалімдер мен кітап­ха­нашылар қатысып, кітап оқудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісті. Көркем шығарма оқу­дан бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 3 500 ұстаз қатысты. Солардың арасынан он роман бойынша он эссе жазып, үздіктер қатарына іліккен 50 ұстаз Астанаға ша­қырылып, марапатталды. Мәселен, олар І кезең бойын­ша Д.Исабековтің «Гауһар тас» повесін, Ш.Мұр­тазаның «Ай мен Айша» романын, Ә.Нұршайықовтың «Ақи­қат пен аңыз» романын, И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын және Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүл­сары!» повесін оқыған. Қатысушыларға әр кітаптан 2 сұрақ беріліп, оның әр­қайсысына кемі 200 сөзден тұратын эссе арқылы жауап берген.

Байқаудың ІІ кезе­ңін­де қатысушылар Б.Соқ­пақ­баев­тың «Балалық шаққа сая­хат», М.Әуезовтің «Қи­лы заман», Б.Майлиннің «Күл­­­пәш», А.Сент-Экзю­пе­ри­дің «Кіш­кен­тай шахзада», О.Баль­зактың «Жер­гілікті дәрігері» сияқты шы­­ғармаларын оқыған. Бұл кі­таптардың бәрі «Қасым» бас­пасының өнімі екенін атап өткен жөн.

Бір жылға созылған бай­қау нәтижесінде 3 500 қаты­сушының арасынан 50 ұстаз «Үздік оқырман» деп танылса, 12 қатысушы ІІІ орын, 6 қа­тысушы ІІ орын иеленіп, 2 қа­тысушы І орынға лайық деп танылып, дипломдар мен ақ­шалай сыйақы жеңіп алды. Мұнан бөлек 30 қатысушыға ынталандыру сыйлығы мен қаржылай сыйақы тапсырылды.