• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Ақпан, 2024

Белкөлде мектеп оқушысы қайтыс болды

437 рет
көрсетілді

Кеше Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға қарасты Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге бір оқушының мәйіті жеткізілгендігін, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.

Бүгін осы жағдайға байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов журналистерге мәселенің мән-жайын айтып берді. Басқарма басшысының айтуынша, оқиға 12 ақпан күні 14:00-ден кейін болған. Алдын-ала тергеу амалдары №189 орта мектептің 9 сынып оқушысының өліміне балалар арасындағы кикілжің себеп болғанын анықтады. 

«Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі қайтыс болған баланың отбасына барып көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілді. Дегенмен де «тас түскен жеріне ауыр» екендігін түсінеміз. Біз әр баланың өмірі мен қауіпсіздігіне жауаптымыз. Тәрбие саласын бақыламағаны үшін мектеп директоры мен оның осы салаға жауапты орынбасары қызметінен босатылды», деді басқарма басшысы.

Кеше әлеуметтік желіде «бала пышақ жарақатынан қайтыс болыпты», деген де ақпарат тараған. Бұл негізсіз әңгіме. Алдын ала тергеу барысында бала өліміне қатысы бар деген күдікке бір оқушы ілінді. Ол сол мектептің оныншы сынып оқушысы болып шықты. Қазір жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр.