• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2024

Тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр

1264 рет
көрсетілді

Сайтымызда жарияланған «Жүргізуші куәлігін саудалаған топ» атты мақалаға орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі ресми жауап жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады. 2023 жылдың 14 қыркүйегінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында айғақтарды алу және тінту жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу амалдары аясында жария етілмейтінін алға тартамыз. Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде қажетті шаралар қолданады, - делінген жауапта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізуші куәлігін саудалаған қылмыстық топ мүшелерін қамауға алған еді. Аталған топ құрамында лауазымды қызметкерлер де болған.