• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 14 Ақпан, 2024

«Дәстүр» фильмінің режиссері жаңа қызметке тағайындалды

552 рет
көрсетілді

Эстрададағы белгілі «Ирина Кайратовна» тобының бейнебаяндары мен «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті, актер Азамат Сатыбалды хабарлады.

«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», деп жазды ол.

Сондай-ақ Азамат Сатыбалды жаңадан тағайындалған тағы бір кеңесшісін таныстырды.

«Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев «Қазақфильм» ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қф-нің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін», деді актер.