15 ақпандағы ауа райы қолайсыздығына байланысты 14 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Автожолдарда шектеу енгізілген аймақтар:
Абай облысында — 7 учаске (796 км)Ақтөбе облысында — 5 учаске (696 км)Алматы облысында — 1 учаске (84 км)Атырау облысында — 1 учаске (9 км)Шығыс Қазақстан облысында — 7 учаске (511 км)Жамбыл облысында — 1 учаске (450 км)Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)Қарағанды облысында — 1 учаске (48 км)Қостанай облысында — 1 учаске (83 км)Қызылорда облысында — 1 учаске (815 км)Павлодар облысында — 1 учаске (263 км)Солтүстік Қазақстан облысында — 3 учаске (316 км)Түркістан облысында — 2 учаске (283 км)Ұлытау облысында — 2 учаске (438 км)
ҚазАвтоЖол қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 224 бірлік техника және 294 жол қызметкері жұмылдырылғанын хабарлады.