Бүгін сағат 08-06-да Теміртау қаласының Ватутина көшесі бойындағы «За углом» азық-түлік дүкенінің 2 қабатты ғимаратында газ жарылып, салдарынан ғимарат опырылып құлаған, 40 шаршы метр аумақта өрт шарпыған.
Өрт 09-08-де оқшауланып, 10-25-те сөндірілді. Сағат 08:44-те үйінді астынан 1993 жылы туған әйел табылып, Теміртау қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді. Сағат 09:49-да үйінді астынан 1973 жылы туған әйелдің мәйіті (сатушы) шығарылды.
Қазіргі уақытта үйінділер шығарылып жатыр.
Төтенше жағдайларды жою базасында және оқиға орнында жедел штабтар орналастырылды, сенім телефоны (51-72-23) ашылды.
ТЖД психологтары психологиялық көмек көрсету үшін оқиға орынында жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнында барлығы 177 адам мен 38 техника жұмылдырылған.